Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Ясауи мен өзге де бірқатар кесене уақытша жабылады

2020 жылдың 14 наурыз 2020 23:43

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі уақытша келушілер үшін өз жұмысын уақытша тоқтатады.

Бұл шаралар коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Музейдің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан бегім кесенесі, Сауран қалашығы, Үкаша ата, Әлқожа ата, Гаухар ана кесенелері мен Күлтөбе қалашығына келушілер үшін де уақытша шектеу қойылады. Зиярат орындарының нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз болып тұр.


Жоғары қарай