Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Түркістан облысындағы ірі жол апатынан тағы 4 адам зардап шеккен

2019 жылдың 14 наурыз 2019 18:08

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы аумағында Шымкент - Самара тас жолында төрт адам қаза тапқан ауыр жол апатынан тағы екі бала мен екі әйел зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыр халде ауруханаға жеткізілген екі бүлдіршінге ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылған, ал екі әйел қалалық орталық ауруханада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменованың айтуынша, бәрінің де жағдайы ауыр.

«Жол-көлік апатынан Түркістан қалалық балалар ауруханасына екі бүлдіршін жеткізілді. Олар 4 жасар ұл және 2 жасар қыз бала. Екеуінің де жағдайы ауыр, жарақаттары да ауыр. Қыздың ашық бас ми жарақаты бар. Дәрігерлер екеуіне де ота жасап, қазір жансақтау бөліміне жатқызылды. Қалалық орталық ауруханаға жатқызылған 1952 жылғы және 1974 жылғы екі әйелдің бірі бас ми жарақатымен түссе, екіншісінің бұғанасы сынған. Бұлардың да жағдайы ауыр.

Науқастар дәрігерлердің толық бақылауына алынды»,- дейді Мира Сүлейменова.

Еске салайық, бүгін Шымкент - Самара автожолының 115 шақырымында «Нексия» жеңіл автокөлігі мен «Хендай старекс» минивэні соқтығысқан болатын. Салдарынан ауыр жарақат алған 2014 жылы туған екі бала мен 2004 жылы туған жасөспірім медициналық мекемеге барар жолда көз жұмды. Ал, «Нексия» көлігінің жүргізушісі ауруханада қайтыс болған еді.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай