Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Түркістан облысындағы фирмалардың бірінде сейфтен 7 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған

2020 жылдың 15 сәуір 2020 21:34

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында белгісіз тұлғалар фирмалардың бірін тонап кеткен. Күдіктілер сейфтен 7 миллион теңгеге жуық ақшаны қолды еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақтаарал ауданының тұрғыны полицияға арызданған. Ол өзінің қызметтік бөлмесінде темір сейфке сақтап жүрген қомақты ақшасын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтқан. Осы хабарлама бойынша аудандық жедел тергеу тобы оқиға орнына жетіп, жедел іздестіру шараларын жүргізген. Аптаға жуық уақыт аралығында жүргізілген іздестіру шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталған. 7 млн теңгені ұрлаған сол мекеменің күзетшісі болып шықты.

«Тергеу барысында анықталғандай, сейфтің есігі ашық қалғанын байқап қалған күзетшінің ойы бұзылған. Жеңіл жолмен ақша табу мақсатында ол 7 млн теңгеге жуық ақшаны алып кетіп, үйіне жасырған. 90 мың теңгеге жуық ақшасын өзінің қажетіне жаратып үлгерген. Тәртіп сақшылары күдікті азаматтың үйінен айғақты зат ретінде ұрланған ақшаны тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарған. Қазіргі таңда аталған жайт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіден қолхат алынды» делінген хабарламада.


Жоғары қарай