Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысындағы блокпостта тұрған екі полицейді студент қағып кетті

2020 жылдың 13 мамыр 2020 13:52

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы блокпостта тұрған екі полицейді бір студент қағып кетті. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған екі тәртіп сақшысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 10 мамыр күні Шымкент қаласына кіре берісте блокпостта орын алған.

«Ақтас» блок-бекетінде «ВАЗ-21014» автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларды қағып кеткен. Көлік тізгіндеген студент жігіт ұсталды. Ол Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», делінген хабарламада. Ал, ауруханаға түскен екі полицейге дің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп отыр. Қазіргі таңда оларға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін ілеуметтік желілерде екі полицейді блокпостта қағып кеткені туралы бейнекөрініс жарияланған болатын. Оны түсірген тұрғындар бұл оқиғаның Шымкенттен шыға берістегі «Ақтас» елді мекенінің тұсында болғанын айтқан еді.


Жоғары қарай