Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Түркістан облысындағы ахуал жайлы жаңа дерек

2020 жылдың 4 сәуір 2020 10:23

Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Жалпы өңірде 23 адамда коронавирус індеті расталды. Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны коронавирус инфекциясынан 4 сәуір күні қайтыс болды.

Қазіргі таңда Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы - 1, Ордабасы, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды. 1 адамның өлімі тіркелді.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Басты сөздер:
Жоғары қарай