Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында жүргізуші велосипедпен бара жатқан 8 жастағы баланы қағып кетті

2020 жылдың 11 шілде 2020 04:39

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданында жүргізуші велосипедпен бара жатқан 8 жастағы баланы қағып кетті. Салдарынан жасөспірім басынан жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері велосипед мінген баланы жолдың қарама-қарсы бағытынан келе жатқан «Lаda» автокөлігі соғып кеткенін анықтаған. Кінәлі жүргізушінің артынша жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткені белгілі болды. Оның ұстау мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Нәтижесінде екі сағат ішінде тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

Тексеру барысында оның көлік жүргізуге тиісті құжаты жоқ екені, әкесінің машинасын мас халде басқарғандығы анықталды. Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынып, аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-1-бабы «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша тергелуде.


Жоғары қарай