Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында жол апатына ұшырап, каналға құлаған тұрғынды полицейлер құтқарды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 09:59

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жол апатына ұшырап, каналға құлаған тұрғынды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түседі. Онда Атакент кенті бойындағы су каналында белгісіз көліктің аударылып жатқаны айтылған. Осы сәтте, сол аймақта кезекшілікте жүрген полицейлер оқиға орнына шұғыл жетті.

Мақтаарал ауданының инспекторлары, полиция лейтенанттары Еркін Ақшораев пен Ескендір Жұмабеков келген бетте суда ес-түссіз тұншығып жатқан ер адамды көріп, оны аман алып қалады. Яғни, барлық қажетті іс-шараларды жасап оны судан шығарады. Содан соң алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел-жәрдем шақырған. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не тіркелген.

Полицейлердің анықтауынша таңғы сағат 8:00 шамасында жергілікті тұрғын өз көлігімен келе жатып, көлігін дұрыс басқара алмай қалған. Осылайша, көлік каналға аударылып түскен. Нәтижесінде жүргізуші есінен танып, суға тұншығып қалған. Абырой болғанда, полицейлер тез арада әрекет етіп, көмек қолын созған.

Өз кезегінде Түркістан облысының тұрғыны Еділ Дәрібаев «Есімді жинасам, полицейлер жағаға шығарып, бірінші кезекте көрсетілетін көмекті жасап жатыр екен. Одан кейін, дәрігерлер көмекке келді. Алған жеңіл дене жарақатым үшін ем алып шықтым. Қазір жағдайым жақсы. Бұның бәрі полицейлердің арқасы. Олар менің өмірімді, яғни адам өмірін сақтап қалды. Қызметтеріне сәттілік тілеймін, ризамын»-деген тілегін білдірді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға көлік жүргізгенде жылдамдықты асырмауды, ішімдік ішіп көлікке отырмауды, қарсы бағытқа шықпауды және одан бөлек жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Иллюстрациялық фото: storage.inovaco.ru

Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай