Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшілері анықталды

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 16:04

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, онда притон ұйымдастырған сауна әкімшілері ұсталды. Шара кезінде бірқатар қонақ үй мен ойын-сауық орыны тексеріліп, жезөкшелікке қатысты 4 жағдай анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары өңірдегі монша кешендері мен басқа да нысандарға барып, заңсыз адам саудасына қатысты тексеру жүргізді. Нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Қазығұрт ауданындағы сауналардың бірінің әкімшісін ұстады. Шымкент қаласының тұрғыны саунаға келушілерге интимдік қызмет көрсету үшін жеңіл жүрісті қыздарды сыйақы ретінле ұсынған. Сол күні тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданы аумағында тағы бір жеңгетайлық дерегінің жолын кесті. Онда да қонақ үйлердің бірінің сауна әкімшісі 5 мың теңгеге жеңіл жүрісті қызды шақырып берген.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық« бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қолхатпен босатылған. Олардан заттай айғақ алынды. Сондай-ақ, профилактикалық есепке 10 жеңіл жүрісті қыз қойылды» делінген хабарламада.


Жоғары қарай