Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға 1,3 млн теңге сыйақы берілген

2020 жылдың 8 шілде 2020 22:48

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жарты жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 257 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша өткізген брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мирас Қарғабайдың айтуынша, Тергеу басқарманың өндірісінде болған істердің 148-і аяқталған және 62 іс сотқа жолданған. Әрбір аяқталған істер бойынша ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес заңбұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстар енгізілген. Осы бағытта 59 ұсыныс жолданып, оның 40-ы қаралған. 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 7 тұлғаға 1,3 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілген. Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан 73 азаматтың берген ақпараты арқылы жедел әрекет ету амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 5 тұлғаның заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалған», - деді департаменті басшысының бірінші орынбасары.



Жоғары қарай