Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында ынтымақты ұлықтайтын «Шаңырақ» байқауы басталды

2021 жылдың 23 ақпан 2021 01:29

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Түркістан облысында Қазақстан халқы достығын дәріптеуге арналған «Шаңырақ» байқауы басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәурен Сариевтің айтуынша, бұл байқау әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазба бойынша ұйымдастырылмақ. Оған 1 наурыздан 10 маусымға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады.

«Жазбаларға қойылатын талап - этносаралық қарым-қатынастықты нығайту, еңбек адамы мен үлгілі отбасын насихаттау. Сондай-ақ, қазақ тілінде өлең оқып, ән айтып, ізгі тілек жолдау, жол сапардан позитивті мақала жазу, тікелей репортаждар жасау. Байқауға кез-келген әлеуметтік желі қолданушысы, журналист, блогер, баспасөз орталықтарының мамандары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін ережеге сай келетін материалды әлеуметтік желідегі Facebook, Instagram парақшаларының бірінде жариялау қажет», - деді клуб төрағасы.

Сондай-ақ, брифингіге қатысқан Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева байқау шарттарына толығырақ тоқталды. Оның сөзінше, байқауға ұсынылған жұмыстар әлеуметтік желіде немесе блогтұғырнамаларда көп дауыс жинауы тиіс. Қаншалықты оқырманның көңілін аудара білгендігіне мән беріледі. Сондай-ақ, материалдың әсері мен дұрыс бағыты ескеріледі. Байқаудың жалпы жүлдесі 1-орын үшін сыйақы көлемі – 150 000 теңге; 2-орын – 100 000 теңге; 3-орын – 80 000 теңге белгіленіп отыр. Сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, байқауға қатысқан өзге де үміткерлерге ынталандыру сыйлығы тағайындалмақ.

Жоғары қарай