Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамыту қолға алынбақ

2020 жылдың 14 ақпан 2020 22:13

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, салалық жобалар іске асырылады.

Өңірде түйе шаруашылығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары қабылданып, ағымдағы жылы 4 мың бас аналық түйе сатып алу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, шаруаларға түйе сатып алуға төмендетілген пайызбен несие беру мәселесі шешілген.

«Аймақта «Golden Camel Group LTD» ЖШС-мен түйе сүті литрін 1000 теңгеден қабылдауға келісім жасалған.

Аталған жоба 9 - 10 айда толық ақталады. Сондай-ақ, «Мақта шаруашылығын дамыту» іс-шарасы аясында қазіргі таңда, министрлікпен бірлескен жұмыс тобы құрылып, мақта саласын дамыту бойынша арнайы бағдарлама әзірленуде. Нәтижесінде мақта өңдеу зауыттарының технологиясы жаңартылып, айналым қаражаттары толықтырылады. Мақта бағасын нарықтық реттеуге қол жеткізілетін болады»,- деді есептік жиында Өмірзақ Шөкеев.





Өңір басшысының сөзінше, Ордабасы, Бәйдібек, Отырар аудандары мен Кентау, Түркістан қалалары соңғы 10 жылдан бері ағын су тапшылығын сезінуде. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 6 су нысандары облыстық меншікке қабылданып, «Бөген арнасы» мемлекеттік мекемесі құрылған. 34 дана техникамен қамтамасыз етілді. Аталған нысандардың қатарында «Бөген» су қоймасы, «Қосқорған» су қоймасы, «Түркістан» магистралды каналы, «Арыс» магистралды каналы және «Қараспан» магистралды каналы, «Қараспан» су торабы бар. Кешенді жоспар аясында 5 ірі су нысанының құрылыс жұмыстары басталып, нәтижесінде қосымша 196,0 м3 ағын су жеткізілетін болады.


Жоғары қарай