Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында  тұрғындар тіркелмеген қаруларын тапсыра бастады

2020 жылдың 2 шілде 2020 17:44

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында тұрғындар тіркелмеген қаруларын тапсыра бастады. Аталмыш акция еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, онлайн-форматта өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияның алғашқы күнінің өзінде Түркістан облысының тәртіп сақшыларына тұрғындар 31 қаруын өткізген. Оның ішінде 29-ы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, қалғандары ойық ұңғылы және шолақ мылтық бар. Мәселен, Сайрам ауданының тұрғыны өзінің атасынан қалған 2 бірдей 12 және 16 калибрлі аңшы қаруларын өз еркімен тапсырған. Қазіргі уақытта бұл қарулар сараптамаға жіберіліп, бұл азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданған.

«Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Биылғы жылы іс-шара онлайн режимге ауыстырылса да, тұрғындардың белсенділігі байқалады. Оған қоса, қолындағы қару-жарақ заттарын тапсырғысы келген тұрғындар бізге келмей-ақ, «102« нөміріне хабарласуына болады. Ал, сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтарды ұсынылған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылатын болады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», - дейді ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков.





Жоғары қарай