Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында тұмауға қарсы екпе салына бастады

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 21:01

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында тұмауға қарсы екпе салына бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақтыораз Елемесовтың айтуынша, өңірде тұрғындарға Ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 240 637 дозасы алынған. Бұл вакциналар халықтың жалпы 12,14% -на салынатын болады. Жоспарлы профилактикалық егу халықтың жекеленген санаттарына, атап айтқанда медицина қызметкерлері мен жиі ауыратын балаларға, жүкті әйелдер мен жабық мекемелердегі азаматтарға тегін жүргізілмек.

«Әдетте тұмаудың эпидемиялық маусымы 1 қазаннан басталып, келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады. Алғашқы қазан-қараша айларында риновирус, аденовирус, парагрипп сияқты жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеледі. Сондықтан екпе жұмыстары алдын ала қыркүйек айынының 15-нен басталуда. Облыс бойынша ағымдағы жылдың 8 айында 4820 жағдай жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеліп, былтырғы 2019 жылмен салыстырғанда аурушаңдық 11,3%-ға төмендеген. Ауырғандардың ішінде 50,7% - 14 жасқа дейінгі балалар»,- деді департамент басшысының орынбасары.

Бақтыораз Елемесов сондай-ақ, өңірдегі эпиемиологиялық жағдай барысында баяндап өтті.

«Мамыр-шілде айларында республика бойынша, оның ішінде біздің облыста да коронавирус инфекциясынан эпидемиологиялық ахуалдың асқынулары орын алды. Болжамдар бойынша күз-қыс айларында коронавирустың екінші толқыны туындап, ЖРВИ мен тұмаудың мезгілдік кезеңімен сәйкес келуі мүмкін. Қабаттасуы эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы ықтимал. Сондықтан республика бойынша тұмаудың профилактикалық және мониторингтеу іс-шаралары алдын ала пысықталып, қыркүйектен бастап жүргізілетін болып шешілді», - деді Бақтыораз Мизамұлы.

Сондай-ақ, брифингте қатысқан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетова екпенің маңыздылығына тоқталды.

«Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады. Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы - эпидемиялық кезең басталмай тұрып тұмауға қарсы егу. Сонымен қатар облысымызда жұмыс берушілер есебінен мекеме, кәсіпорын жұмысшыларын егу шаралары қарастырылуда. Одан бөлек азаматтардың өз қаражаттарына тұмауға қарсы профилактикалық егуді Түркістан қалалық емханасы қолға алып отыр», - деді ол.





Жоғары қарай