Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында тігін фабрикасының алғашқы қазығы қағылды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 12:29

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен тігін фабрикасының құрылыс алаңында капсула салынды. облыс әкімінің баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Жаңа өндіріс ошағы «Turkistan» индустриалды аймақта орналасқан. Жоба Өзбекстан президенті Шавкат Миромонович Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

Өңір басшысы бірлескен жобаның әлеуметтік маңыздылығы мен тиімді тұстарын атап өтті. Фабрикада 1 мың астам жұмыс орны ашылып, аз қамтылған отбасылардан шыққан қыз-келіншектер мен мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтамасыз етіледі.





«Өзбекстандық әріптестерімізбен бірлесе салатын бұл тігін фабрикасы өңіріміздің экономикалық көрсеткішінің артуына үлес қоспақ. Бүгінде өңірімізде өзбек капиталының қатысуымен 40-тан астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл тігін фабрикасы кезекті сәтті жоба және екі елдің бірлескен ынтымақтастығының лайықты нәтижесі болатынына сенімдімін», - деді Өмірзақ Шөкеев.





Өндіріс орны айына 15 мың тоқыма өнімін шығарады. Барлық мамандар кәсіби деңгейде оқытылады. Олар Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде білімін жетілдіре алады. Жоба инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі «Turkistan Invest» өңірлік агенттігінің қолдауымкен және «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі. Жаңа кәсіпорын алдағы қазан айында іске қосылды.








Жоғары қарай