Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 04:05

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың жетекшілігімен өткен жиында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалып, әрі қарай да пәрменді шаралар жүргізу тапсырылды

Басқосуда сондай-ақ, жаңадан енгізілген реформалар туралы және мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға қатысты енгізілген тыйымдар туралы түсіндірме жұмыстарын күшейту жүктелді.

«Жемқорлықтың алдын алу бойынша мекемеішілік мәжіліс жасаумен ғана шектелмей, пәрменді шаралар қабылдауларыңыз қажет. Баршаңызға мәлім, заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, қарамағындағы қызметкерлер үшін бірінші басшы жауап береді. Осыны естен шығармау керек. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - әрбір азаматтың міндеті»,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Арман Жетпісбай сонымен қатар, әрбір әкім мен тиісті мемлекеттік орган басшысы, қызметкерлер жұмыс барысында заңдылықтың сақталуына және қабылданған шаралар жөніндегі ақпараттардың ашық және қолжетімді болуына мүдделі болуы тиіс екенін атап өтті.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қала, аудан әкімдеріне және облыстық басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

Жоғары қарай