Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында спорттық нысандар ашылып, көшелер жарықтандырылуда

2021 жылдың 29 қыркүйек 2021 00:30

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Созақ ауданында Абай, Қайнар, Көктөбе елді мекендерінде балаларға арналған ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Осылайша уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қолдау білдіріп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында бірлескен жұмыстарды тұрақты түрде атқарып келеді. Осы уақытқа дейін аудандағы елді мекендерде аталған компанияға қарасты кәсіпорындар бірнеше балалар ойын алаңын салған болатын. Ал, Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округіндегі 5 елді мекенде көшелердегі жарықшамдар жаңартылды. Республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойындағы көше жарық шамдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Береке елді мекенінен өтетін республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойындағы көше жарықтандыруына қойылған трансформатордың күші жетпеуіне байланысты, күрделі жөндеуден өткізілді. Алдағы уақытта ауылдық округке қарасты басқа да елді мекендеріндегі көше жарық шамдарына кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.





Жоғары қарай