Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында Smart Nation жүйесі арқылы 71 623 сәби балабақшаға жолдама алды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Smart Nation жүйесі енгізілді. Аталған жүйе арқылы жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтардың жұмысқа қабылдауды реттеп, мектеп директорларын конкурстық тағайындау процесіне адами факторды тоқтатуға болады.

Бұл туралы AntikorLive бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысында Smart Nation жүйесі енгізілді. Аталған жүйе арқылы жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарды жұмысқа қабылдауды реттей алады, сондай-ақ директорларды конкурстық тағайындау процесіне адами факторды тоқтатуға болады. Жүйеге 8456 педагог пен техникалық қызметкердің бос жұмыс орындары туралы хабарламалар ілінді. Нәтижесінде 2243 адам жұмысқа қабылданды. Оның 1479-ы – педагог, 764-і – техникалық қызметкер», - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Оның айтуынша, Түркістанда мектепке жұмысқа тұру үшін пара беру керек деген әңгіме қалыптасып қалған.

«Бұл мәселені жойдық деп айта алмаймыз, бірақ соған келе жатырмыз. Директорлар және жұмысқа орналасатын баратын азаматтардың байланысын үздік деп айтуға болады. Өйткені қазір құжаттарды тапсыру үшін ешкімнің кабинетіне кірмеуге болады. Smart Nation жүйесінің тағы бір жақсы тұсы – балабақшаға бүлдіршіндерді қабылдауды реттейді. Қазіргі уақытта 82 136 бала осы жүйе арқылы кезекке тұрып, оларға электронды түрде 71 623 жолдама берілді.

Биыл дарынды балалар оқитын мектеп-интернатқа қабылдау да автоматтандырылып, 54 751 оқушы мектепке аталған портал арқылы қабылданды.


Жоғары қарай