Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 500 млрд теңгеге жуықтады

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 14:57

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 500 млрд теңгеге жуықтады. Оның 245 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібі өндірісіне тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтикалық өнім өндіру және өзге де металл емес минералдық өнімдер сияқты бағыттар бойынша ұлғайған.




«Өнеркәсіптік өндіріс көрсеткіштерінің өсу қарқынын жақсарту мақсатында Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жемісті жұмыс жүргізілді. 2019 жылы индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, 800-ден астам жұмыс орны ашылды. 2020 жылға 11 жобаны іске асыру жоспарланған», – деді облыс әкімінің орынбасары.





Сондай-ақ, М.Мырзалиев Үкімет тарапынан мемлекеттік секторды сатып алу саласында жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту міндеті қойылғанын айтты. Осыған байланысты өткен жылы мемлекеттік ұйымдардың «қарапайым заттар экономикасы» саласындағы тауарларды сатып алуында жергілікті қамту үлесінің нысаналы индикаторлары асыра орындалған. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп тауарлары – 60, жиһаз – 62, құрылыс материалдары – 67, тамақ – 85 пайызға орындалып, соңғы бағыт бойынша Түркістан облысының көрсеткіші республикада бірінші орынға шыққан.








Жоғары қарай