Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында оқушылар қашықтықтан оқытылады

2020 жылдың 17 наурыз 2020 21:27

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдайдың жариялануына орай Түркістан облысының жалпы білім беру саласында барлық сақтық шаралары қолға алынуда. Мектеп оқушыларының 5 сәуірге дейінгі демалыстары аяқталған соң, оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев мәлімдеді.

Айта кетерлігі, оқушылар үшін оқу құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс пен онлайн-курстар бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. 16 наурыздан бастап, колледждер мен ЖОО студенттері қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуде (ZOOM, bilimland, google Classroom, Platonus, MOODLE).





«Мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық негізде жұмыс жасауда. Балабақшаға баланы жіберу-жібермеу ата-ана еркіне қалдырылған. Балалар үйіндегі жағдайға байланысты интернат әкімшіліктеріне де арнайы міндеттер жүктедік. Балалар үйіне кіру-шығу қатаң бақыланатын болады», - деді Рахымбек Жолаев.
Сонымен қатар, брифингте Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының мендетін атқарушы Салтанат Жамалова облыс бойынша коронавирус инфекциясымен ауырған науқастар тіркелген жағдайда оларды жатқызу үшін стационарларда 100 орын дайындалғанын жеткізді.





«Коронавирус инфекциясына ұқсас дерті бар науқастарды жатқызу, диагноздарын анықтау мақсатында 240 төсек орынға провизорлық стационарлар қарастырылған. Барлығы - 340 орын. Одан бөлек, барлық аудандар мен қалалардағы инфекциялық аурулар бөлімдері дайындық жағдайына келтірілген. Қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін облыс аумағына 505 орынға обсервациялық госпитальдар жоспарланған», - деді СалтанатЖамалова.
Брифингке қатысқан Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева басқармаға бағынышты мекемелерде карантиндік режим жарияланғанын айтты.





«13 медициналық-әлеуметтік мекемеде, оның ішінде мүгедектер мен мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін орталықтары және оралмандарды бейімдеуге арналған 1 орталықта 5068 қызмет алушы тіркелген. Оларға қызметтерді жалпы 1 321 қызметкер көрсетуде. Қамқорлыққа алынғандар арасында коронавирус инфекциясының жаппай таралу жағдайын болдырмау үшін барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде карантин режимі жарияланды», - деді ол.






Жоғары қарай