Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Түркістан облысында мас күйінде көлік апатын жасаған жүргізуші қамауға алынды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 12:49

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында мас күйінде көлік басқарған жүргізуші қамауға алынды. Өңірдің тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғанын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісай ауданындағы ауылдардың бірінде тасжолдың бойында жол апаты болды деген хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер Опель және Волга автокөліктерінің соқтығысқанын, оған бір көліктің екінші бағытқа шығып кетуі себеп болғанын анықтаған. Аталған жайт бойынша тексеру барысында жол апатын жасаушының көлік басқару құқығынан айырылса да мас күйде көлік айдағаны белгілі болды. Мастық күйін анықтау сараптамасының қорытындысына сәйкес оның «орта дәрежелі» алкоголь ішімдігін ішкені расталды. Жауап алу барысында көлік жүргізушісі өз кінәсін толық мойындаған.

«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы »Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы« бойынша тіркеліп, тергеу ісі басталды. Жол қауіпсіздігі ережесін бұзған азамат Жетісай АПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», делінген хабарламада.


Жоғары қарай