Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында мақта тиелген КамАЗ түгі қалмай жанып кетті

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 01:00

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жол бойында КамАЗ жүк көлігі тиелген мақтасымен бірге өртеніп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек сағат 08:40 шамасында Бәйдібек полициясының кезекші бөліміне Екпінді ауылынан өтетін Самара-Шымкент тасжолында КамАЗ автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Аталған хабарлама бойынша тез арада оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті.

Тәртіп сақшыларының тексеру барысында анықтағаны: Қазығұрт ауданының тұрғыны өзінің басқаруындағы КамАЗ жүк көлігіне қосымша жалғанған жүк тиегішімен 12 тонна мақта артып келе жатқан. Бір кезде сырттан адамдар тоқтатып, көліктен түтін шығып жатқанын айтады.

Содан бірден көлікті тоқтатқан жүргізуші түсіп қараса, жүк тиегіштегі мақта отқа оранып жатыр екен. Осылайша бірден өрт сөндірушілерге хабар береді.

Сол жердегі жолаушылардың көмегімен жүк көлігінің артына жалғанған жүк тиегіші ажыратып алынады. Өрт салдарынан жүк көлігі алты тонна мақтамен толық өртеніп кеткен.

Ал, қалған алты тонна мақтадағы енді басталған жалынды өрт сөндірушілер ауыздықтады. Аталған жайт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.


Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Жоғары қарай