Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Түркістан облысында қоғамдық орындар дезинфекцияланып, шектеу күшейді

2020 жылдың 6 сәуір 2020 14:52

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында халық шоғарланатын жерлер залалсыздандырылып, шектеу күшейтілді. Індет жұқтырғандар саны бойынша көп тіркелген Жетісай ауданында тұрғындардың көшеде маскасыз жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісай ауданындағы барлық елді мекендерде көшелер мен орталық алаңдар, балалардың ойын алаңшалары мен саябақтар, скверлер мен дүкендер, базарлардың маңы күніне екі рет залалсыздандырылуда. Барлық жерде жауапты мамандардан арнайы штаб құрылып, атқарылатын жұмыстың жоспары пысықталып жатыр.

Ал, Сарыағаш ауданында вирус жұқтырған науқас тұратын Еңкес елдімекенінде карантин енгізіліп, қоршауға алынды. Дерттің таралмауына байланысты елдімекенде автокөлік құралдарының барлық түрлерінің және азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынды.

Барлық жолдар мен аяқжолдар, іргелес аялдама кешендері мен сауда алаңдарының аумақтары, елді мекеннің кіреберістері мен аулалар күнделікті дезинфекциялық режимге көшірілген.

Аталған індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында Бәйдібек ауданында да қауіпсіздік шаралары қолға алынған. Аудан орталығы Шаян елді мекеніндегі көшелер мен мекемелер және көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау жұмыстары басталды.

Бұл жұмысты су бүркейтін автокөлік және арнайы киім киген жаяу жүргінші топ атқарып жатыр.


Жоғары қарай