Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында кене шағу жағдайлары 2 есе көбейді

2022 жылдың 17 мамыр 2022 18:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері 318 азаматты кене шақты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кенеден зардап шегушілердің 2 есе артқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары өткен жылы кене шағу фактілерінің аз болуын карантинге байланысты табиғатқа шығу, серуендеуге қойылған шектеулермен байланыстырады. ​​​

«Биылдың өзінде облыста Қырым Конго геморрагиялық қызбасының бір жағдайы тіркелді. Қазығұрт ауданының тұрғынын 10 мамыр күні өз ауласында кене шаққан. 2-3 күннен кейін әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, ине енгізу орындарының ауырсынуы, қызаруы сынды белгілері біліне бастаған соң жедел жәрдеммен орталық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдайы орташа ауыр»,-дейді Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Ардақ Берден.

Жалпы жыл басынан бүгінге дейін 62 елді мекенде зоопаразитологиялық топ барлау жұмысын жүргізген.

Олар 15 252 дана кене жинады.

Зерттеу нәтижесі бойынша 54 сынамадан - оң нәтиже, яғни Қырым Конго геморрагиялық қызбасының вирустары анықталған.

Қолайсыз саналатын 85 елді мекенде санитариялық қорғау аймақтары құрылып, залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай