Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Түркістан облысында қайтыс болған 64 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты

2020 жылдың 4 сәуір 2020 10:39

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 7 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласы - 1, Ордабасы, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды. Осылайша өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 23 адамды құрап отыр.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Осыған дейін 1 адамның өлімі тіркелгендігі хабарланды. Ол - Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны болып шықты.


Басты сөздер: Түркістан облысы,
Жоғары қарай