Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында қарлы бораннан жолдар жабылып, көктайғақтан көліктер соқтығысты

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 16:18

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қарлы бораннан жолдар жабылып, көк тайғақтан көліктер соғысты. Полицейлер сақтық шараларын күшейтіп, тәулік бойы кезекшілікте тұруда, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД мәліметінше, Шымкент-Түркістан тас жолында 4 жеңіл автокөлік соқтығысқан. «ВАЗ» жүргізушісі жарақат алып, медициналық көмек көрсетілген. Автокөлікке материалдық шығын келтірілген. Аталмыш жол апатына байланысты жолда кептеліс пайда болып, сол учаскеде көп көлік тұрып қалған.

Ордабасы аудандық ПБ жеке құрамы және патрульдік полиция инспекторлары жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетті. Полицейлер адамдарды жылыту пунктіне жеткізді, көліктерді сүйреуге, кептелісті жоюға және жолдарды қардан тазартуға көмектесті.


Өңірде қардың қалың жауып, қатты жел соғуы салдарынан кейбір республикалық, облыстың жолдарда автокөлік қозғалысы қиындай түскен.

Бүгінде Алматы-Ташкент-Термез тас жолында, Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба ауылының маңында, Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар жолдарда (ШҚ-1, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік) қозғалыс уақытша тоқтатылды және Ордабасы ауданы Шұбар ауданындағы М-32, Самара-Шымкент тас жолдарында қозғалыс шектелген.

Жолдардың қарын аршу үшін республикалық трассада 49 арнайы көлік және облыстық жолдарда 44 көлік жұмылдырылды, оның ішінде қар жинайтын техника да бар.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, ара қашықты сақтауды, артық маневр мен көлікті күрт тежеуден аулақ болуға кеңес береді.


Жоғары қарай