Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды

2020 жылдың 16 наурыз 2020 20:00

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 наурыз күні Ресейдің Мәскеу қаласынан Алматыға ұшып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы рейстің жолаушыларының бірінде коронавирустың анықталуына байланысты азаматтар карантинге жатқызылған. Солардың бірі – Шымкент қаласының тұрғыны Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілген. Алайда ер адам ауруханадан қашып кеткен. Полицейлердің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ер адам Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен ұсталды. Ол жедел жәрдем дәрігерлерімен бірге Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына қайта жеткізілді.

«Белгілі болғандай, карантиннен қашқан ер адам Вьетнамда жұмыс істеген. Коронавирустың салдарынан Алматы қаласына Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 304-бабы «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу« бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда», - делінген хабарламада.

Еске салайық, елімізде коронавируске қатысты карантиннен қашқан азамматтардың үстінен 2 іс қозғалып отыр. Бірінші жайт Алматы қаласында тіркелген болатын.


Жоғары қарай