Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында карантин шаралары жеңілдетіле бастады

2020 жылдың 30 қараша 2020 18:16

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында карантин шаралары жеңілдетіле бастады. Бұл туралы облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов кезекті брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың жасыл аймақта екенін ескерген департамент басшысы алдағы уақытта халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен кәсіпкерліктің дамуына түрлі жағдайлар жасалатынын жеткізді.

«Азық-түлік және киім-кешек базарлары, көлік жөндейтін орындар мен май құю бекеттері күнделікті ашылып, жұмыс істей беретін болды. Одан бөлек қоғамдық көліктер де жексенбі күні жолаушылар тасымалдай береді. Бұл жеңілдету шаралары тұрғындардың аурушаңдық белгілері көрсетілген деңгейден аспағандықтан қолға алынып отыр. Мұндай жаңдайда карантиндік жеңілдіктер жасауға рұқсат етіледі»,- дейді Нұрбек Нышанов.

Облыстың бас-санитар дәрігері өңірдегі азық-түлік және киім-кешек базарлары мен сауда орталықтарына белгіленген шектеулердің біразы алынып тасталғанын жеткізді. Мәселен, сауда нысандары мен түрлі қызмет көрсету орталықтарына сенбімен қатар жексенбі және мереке күндері де жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Аталған нысандар демалыс күндері тек кешкі 17:00-ге дейін жұмыстарын жүргізе алады. Айта кетейік, өткен аптада облыстағы мектептерде бастауыш сыныптардың оқушыларына дәстүрлі форматта білім алуына рұқсат етілген болатын.


Жоғары қарай