Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында карантин шаралары ұзартылды

2020 жылдың 23 қараша 2020 17:56

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Түркестан облысыныц аумағында карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Бұл туралы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулы мәтініне сәйкес, облыста спорттық шараларды өткізуге тыйым салынды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен республикалық жарыстарды қоспағанда, бұкаралық ic-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық ic-шараларды, форумдарды, конференцияларды, көрмелерді, семинарларды және т.б.) өткізуге тыйым салынды

Сонымен қатар, түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар кызметіне рұқсат берілмейді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.


Жоғары қарай