Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Түркістан облысында із-түссіз кеткен 16 жасар қыз көрші ауданнан табылды

2019 жылдың 12 наурыз 2019 16:20

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Қазығұрт ауданында кәмелет жасына толмаған қыз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Өздері таба алмаған соң ата-анасы полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғалған қызды табуға Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ, көршілес аудан құрылымдары жұмылдырылды. Екі күн өткеннен кейін Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде 16 жастағы қыз көршілес Сарыағаш ауданынан табылған. Тәртіп сақшылары жасөспірім қызды аман-есен ата-анасына табыстады.

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай