Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында халықтық жоба жүзеге асырылуда

2020 жылдың 23 қараша 2020 23:08

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елімізде алғаш болып халықтық жоба жұмысы Түркістан облысында жүзеге асуда. Биыл маусым айынан бері қолға алынған жобада облыс орталығындағы бос жатқан жерлерді тұрғындар игілігіне пайдалану жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жобаға қала тұрғындары мен қалалық әкімдік өкілдері, архитектор, дендролог, урбанист және өзге де кәсіби мамандар бірлесе отырып жұмыстар атқарып келеді. Нәтижесінде бұрын қараусыз қалған жер учаскелерінің орнына балалар ойын алаңдары мен қарияларға арналған демалатын орындар, жастарды салауатты өмір салтына үйрету үшін түрлі спорттық алаңшалар салынды. Халықтық жоба негізінде аула тұрғындарымен бірлесе отырып іске асырылған 7 учаскеде айтарлықтай оң өзгерістер орын алған. Қала тұрғындары мен қонақтарына демалу орындары жасалды. Көшелерге жарықшамдар орнатылып, шатырлы орындықтар қойылған. Ал, Қызылорда тас жолы бойын абаттандыру үшін Шығыс бөлігінің 1,62 га жерді алып жатқан аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. 13 азамат жұмыс істеген аумақта 50 дана жарық шам, 20 дана орындық пен 4 жерге шатырлы аткеншек орындық қойылған. Талапқа сәйкес ойын алаңшалары, футбол, баскетбол ойын алаңдары салынуда. Жергілікті тұрғындардың қалауы мен қажеттілігі ескеріле отырып салынған демалыс орындарының маңына ағаштар да егілуде. Жасыл желекті күтіп-баптауға қала тұрғындары да ниет білдіріп отыр.


Жоғары қарай