Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал қандай

2020 жылдың 28 қазан 2020 18:38

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облсындағы эпиджағдай тұрақты. Облыстағы медициналық ұйымдарда коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмысы үш бағытта жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, емдеу мекемелерін төсек-орынмен толық қамту, материалды-техникалық базасын нығайта отырып, дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету күшейтілген.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов пен өңірдегі барлық медицина ұйымдардың бас дәрігерлерімен кездесуінде атап көрсетілді.

«Қазіргі таңда облыстағы медициналық ұйымдар 2 айлық дәрі-дәрмек қорымен және медициналық құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілген. Емдеу мекемесінің бірінші басшысы ретінде сіздер алдағы уақытта медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды, арнайы оқытудан өткізуді барынша қадағалауға тиіссіздер»,-деді облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов.

Облыста жалпы 23 429 медицина қызметкері еңбек етеді. Оның 5 мыңнан астамы - дәрігерлер, 18 233-і - орта буын медицина қызметкерлері.

Биыл 1,5 мың дәрігер түрлі бағыттар бойынша Ресейде біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасқан.

Жиын барысында облыс басшылығы шекаралас аудандарды басты бақылауда ұстауды жүктеді.

Алдағы уақытта аудан әкімдері мен медицина мекемелерінің басшыларымен бірлесе онлайн форматта өзекті мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын қарастыру көзделген.












Жоғары қарай