Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Түркістан облысында бұрынғы шенеунік пара алу күдігіне ілікті

2019 жылдың 22 қазан 2019 16:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәйдібек ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Бәйдібек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сектор меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол әкімдіктің «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы лауазымын атқарған мерзімде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді.

«Аталған лауазым иесі 2019 жылдың қыркүйек айында жайылым үшін жер учаскесін бөлгені үшін азаматтан бұрын алынған 400 мың теңге мөлшерінде параны қайтару кезінде әшкереленген. Күдіктінің және оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізу туралы өтінішхатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», - делінген хабарламада.

Жоғары қарай