Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Түркістан облысында автобус жолаушыларды отырғызып, Алматыға жолға шыққан

2020 жылдың 23 мамыр 2020 19:50

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда қалааралық автобус жүргізушісі карантин режиміне қарамастан жолаушыларды жинап, Алматы қаласына заңсыз сапарға шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен бұл көлікке тосқауыл қойылып, құзырлы органдар тиісті шара қолданған.

Сала мамандары жолаушылар тасымалы қызметімен айналысатын жүргізушілерге автобустардың облыс аумағынан шығарылмайтынын ескертті. Бұл мақсатта Сауран және Шақпақ блокпостарында тосқауыл қойылған.

ҚР Президентінің жарлығына сәйкес, елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілген болатын. Бүгінде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин күшінде қалып отыр.

Бұл ретте Түркістан облысы аумағындағы көлік нысандарының (теміржол вокзалдары, автовокзалдар, автобекеттер) қызметтері уақытша тоқтатылған.

Сонымен қатар, халықаралық, республикаішілік бағыттар бойынша қоғамдық көліктер мен жолаушылар тасымалымен айналысуға тыйым салынып отыр.


Жоғары қарай