Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмекке 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген – Өмірзақ Шөкеев

2020 жылдың 14 ақпан 2020 11:55

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы елімізде туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда болғандықтан, өңірде әлеуметтік сала басты назарда. Бұл туралы облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев халыққа есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысының айтуынша, жалпы әлеуметтік қамсыздандыру саласына 2019 жылы 82 млрд теңге қаржы қарастырылған.

«Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатындағы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 96 мыңға жуық адамды қамтып, жоспар 20,6%-ға артығымен орындалды. Осы бағдарлама аясында бірінші рет өз ісін ашамын дейтін азаматтарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 8 мыңға жуық азаматқа мемлекеттік грант ұсынылып, жеке ісін ашуға мүмкіндік берілді»,- деді Өмірзақ Естайұлы.





Аймақ басшының сөзінше, былтырғы жылы аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілген. Атап айтсақ, атаулы әлеуметтік көмекке 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл сома өзге жылдармен салыстырғанда анағұрлым қомақты саналады. Соның нәтижесінде облыс халқының үштен бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмек алды немесе әр отбасы орта есеппен айына 100-120 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекпен қамтылған.

«Көмек алушылардың 60 пайызы көп балалы отбасылар санатынан. Осындай қолдаудың арқасында 6 690 отбасы әлеуметтік көмек есебінен өз ісін ашуға және өз табысын арттыруға мүмкіндік алып, 43 мың жұмыссыз азамат атаулы әлеуметтік көмек аясында жұмыспен қамтылды. Биылғы жылы да әлеуметтік қолдауда елеулі өзгерістер орын алды. Біріншіден, көп балалы отбасылардың мәртебесін арттыру мақсатында олар жеке санатқа шығарылды. Яғни, 2020 жылы отбасының табысына қарамастан 4 және одан да көп балалы отбасыларға бала санына қарай 43 мыңнан 73 мың теңге аралығында мемлекеттік жәрдемақы тағайындау басталды. Қазірдің өзінде 100 мыңнан астам отбасы осы жәрдемақыны алды»,- деді Өмірзақ Шөкеев.








Жоғары қарай