Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Түркістан облысында ашылған Call–орталыққа мыңға жуық тұрғын хабарласқан

2020 жылдың 27 наурыз 2020 19:40

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елміздегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы әкімдігінің жанынан тұрғындардың сауалдарына жедел жауап беру үшін арнайы Call–орталық ашылған болатын. Бүгінде бұл орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы тұрғындардан қоңыраулар қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірдің өзінде орталық мыңға жуық қоңырау қабылдап үлгерген. Оның басым бөлігінде тұрғындар төтенше жағдайда еліміз бойынша қозғалу мен әрекет ету, азық-түлік бағаларын білу мен халыққа қызмет көрсету орталықтары жайлы ақпарат береді. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін анықтау мен көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектерге берілетін мемлекеттік көмек туралы сауалдарға жауаптар берілген. Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде жауап жолдау үшін жұмыс істеуде.


Жоғары қарай