Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында аса ауыр жүк тиеген көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 05:09

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп, рейдтік шараларын жүргізді. «Сапалы жол - адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылған шара облыстық маңызы бар Ордабасы, Арыс, Шардара, Сарыағаш тас жолының бойында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған рейдке «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д.Ғаниұлы мен облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Бауыржанұлы, «Арыс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н. Еркебаев пен жолға жауапты бірқатар мамандар қатысты. Шара кезінде жалпы саны 16-дан астам ауыр жүк тасымалдаушы көлігі тоқтатылып, тексерілді. Жүк тасымалдаушыларға мамандар тарапынан арнайы кеңестер берілді. Рейд барысында жүк көліктерін арнайы таразыға салу арқылы жүктің салмағы бақыланып, анықталған заңбұзушылықтарға әкімшілік 3 хаттама толтырылды. Жүк көліктерінің жүргізушілеріне құны 127 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарына сәйкес ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату мен жаңадан төселген тегіс жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында осы уақытқа дейін Түркістан облысы аумағында Түлкібас, Сайрам, Қазығұрт аудандарына рейдтік жұмыстар жүргізілген.


Жоғары қарай