Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында «ақылды» мал бордақылау алаңы іске қосылды

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 22:56

КЕЛЕС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Келес ауданына қарасты Амангелді елді мекенінде «ақылды» мал бордақылау алаңы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құрылысы екі жылға жалғасқан алаңның жалпы аумағы – 0,5 га. 300 мал басына есептелген шаруашылыққа ангус тұқымды 32 бас ірі қара Петропавл облысынан жеткізілген.

Мұндағы барлық «қара жұмысты» арнайы қондырғы, робот атқарады. Мал шаруашылығын кәсіп еткен жергілікті тұрғын Дәурен Әлімбаев осылайша өз арманын жүзеге асырған.

«Хобби ретінде бастап, ізденіп, тиісті мамандардан кеңес алдым. Бұл саланың сырларын жетік білмегендіктен, қиындықтарға тап болғаным рас. Аудан әкімінің қабылдауында болып, құжаттандыру, субсидиялау жағынан көмек сұрадым», – дейді жеке кәсіпкер.




Роботтандырылған мал бордақылау алаңында 1 ғана адам жұмыс істейді. Жұмыстың басым бөлігін Ресейден сатып алынған «малақ тазалау» құрылғысы атқарады. Кәсіпкер бизнесін ары қарай дамыту үшін мемлекеттен аз мөлшерлі пайызбен несие алмақ. Осылайша шаруашылығын кеңейтіп, жылқы, қой бордақылайтын, сүт өндіретін ферма салуды көздейді.


Жоғары қарай