Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында академия түлектеріне шен тапсырылды

2021 жылдың 20 мамыр 2021 20:45

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Алматы академиясын бітіріп келген түлектерге шен тапсыру рәсімі өтті. 40-тан астам курсант полиция лейтенанты атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академияны аяқтап, дипломдарын қолдарына алған түлектерге шен тапсыру рәсімі карантин талаптарын сақтай отырып, өткізілді. Облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жас мамандарға сәттілік тіледі.

«Бүгін сіздер қауіпсіздік пен тұрғындардың тыныш ұйқысын қамтамасыз ететін жауапты қызметкер атанып отырсыздар. Бұл сідердің үлкен қуаныштарыңыз. Сіздер бүгіннен бастап полицейсіздер. Иықтарыңызға тағылған жұлдызша өзіндік жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан алдағы уақытта қызметтеріңізге тек сәттілік тілеймін. Әрқашан Отанымыз Қазақстан үшін адал еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Қылмыс санының азаюы мен тұрғындардың амандығы жолында күш-қуаттарыңыз арта берсін. Елім, жерім дейтін патриот полицей болыңыздар!» - деді ТО ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.

Шара соңында шен таққан жас лейтенанттар сап түзеп, шеру өткізді.











Жоғары қарай