Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында ағын судан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

2021 жылдың 19 қараша 2021 19:08

САЙРАМ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция бөліміне ағын судан жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлер оқиға орнына дереу жеткен. Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің – шақалақтың анасының жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.


Жоғары қарай