Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн-шаралар басталды

2020 жылдың 10 тамыз 2020 14:45

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысында қазақтың көрнекті ақыны Абайдың 175 жылдығына орай бірқатар мерекелік шара ұйымдастырылады. ҚазАқпарат бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, «Жеңіс» саябағында «Адамзаттың Абайы» атты мерекелік жиын өтеді.

Облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығында «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» тақырыбында онлайн-лекциясы және «Абай дана, Абай дара» онлайн-көрмесі ұйымдастырылады.




Бұдан бөлек, «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Абайдың 16 қара сөзі, «Өлең сөздің патшасы» челленджін, ұлы ойшылға арналған бейнероликтің көрсетілімін өткізеді.

Ал Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы «Абай рухы қазақ даласында» атты видеокөрме, «Айттым сәлем, Қаламқас...» оқырмандардан сый шарасын жоспарлап отыр.

Облыстық А.С. Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында «Абайды оқы, орында», «Абайға тағзым» бейнабаяндары көрсетіліп, «Абай - ұлт биігі» тақырыбындағы көрмеге виртуалды шолу, «Абайды оқиық» библопост жобасы жүзеге асырылады.
Айта кетейік, биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен Абайдың 175 жылдығын атап өтеді. Осыған орай Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді.





















Жоғары қарай