Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында 6 мыңға жуық тұрғынға 42500 теңге төлем тағайындалған

2020 жылдың 4 сәуір 2020 17:03

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында төтенше жағдайға байланысты жұмысын жоғалтқан азаматтарға мемлекеттік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем төлеу басталды. Бүгінде 6 мыңға жуық тұрғынға 42500 теңге төлем тағайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, бұл төлемге шағын және орта кәсіп субьектілері, дара жұмыс істейтін азаматтар мен бірыңғай жиынтық төлем төлеуші азаматтар қол жеткізе алады.

«Қазіргі таңда барлық аудан, қалаларда жұмыс штабтары құрылған. Азаматтардан түскен өтініштер штабта қаралып, төлемге ұсынылады. Электронды мемлекеттік порталы арқылы да өтініш жасауға болады. Айта кетерлігі, бірыңғай жиынтық төлем төлеуші азаматтар бұған дейін 1 жыл ішінде 3 төлем жасауы қажет болса, қазір 1 айға кеміді. Демек, бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, рәсімдеп, 42500 теңгені алуға болады. Қазіргі таңда Түркістан облысында 6 мыңға жуық азаматтың өтініш мақұлданған»,- деді Әсия Темірбаева.





Жоғары қарай