Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Түркістан облысында 4,5 мыңнан астам тұрғынның зейнетақысы үйлеріне жеткізіліп берілді

2020 жылдың 15 сәуір 2020 22:42

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай кезінде Түркістан облысында 4525 мыңнан астам тұрғынның зейнетақысы үйлеріне жеткізіліп берілді.

Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Бақытжан Ысқақ мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Ысқақтың айтуынша, бұл шаралар төтенше жағдай кезінде мекеме ғимараттарына адамдардың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында қолға алынған. Зейнеткерлерге қызмет көрсету барысында мамандардың санитарлық тазалықты тиісті деңгейде сақтап, барынша азаматтарға қауіп төндірмеу мәселелері ескерілген.

«Зейнетақыны тарату кезінде барлық қызметкер санитарлық талаптарға сай жабдықталды. Басқарма қызметкерлері, операторлар, хат тасушылар, сұрыптаушылар, көлік жүргізушілері мен инкассаторлардың барлығы дерлік бетперделер, қолғаптар және антисептиктермен қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі және жасы 80-нен асқан азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақыны мекенжайларына арнайы сақтық киімі киген мобильдік топ жеткізіп берді. Зейнетақы алушылар да қызмет алу барысында бетперде киіп, адамдардың өзара 2 метр арақашықтық сақтауы бақылауда болды», – деді Бақытжан Бекболатұлы.

Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы 94208 азаматқа есепшот ашып, мемлекет тарапынан берілетін 42500 теңге жәрдемақыны алуына жағдай жасаған. Бүгінге дейін бұл азаматтардың 20 мыңнан астамы тиісті қаражатын алып үлгерген.


Жоғары қарай