Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында 16 мыңға жуық бозбала әскери есепке қойылады

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 22:54

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында 17 жасқа толатын 16 мыңға жуық бозбаланы алғашқы әскери есепке қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сенсек, болашақ Отан қорғаушылар мен олардың ата-анасы бұл шараға түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауы керек.

Жастар өздерінің тіркеу туралы куәлігін шақыру учаскесінде алады.

«Әскери есепке қою - кешенді және өте маңызды рәсім. Әскери есепке алғаш тұрған жасөспірімдермен - жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргіземіз», - деді Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев.

Жастарды алғашқы әскери есепке қою үшін қажетті құжаттар түгенделіп, олар әскери қызметке жарамдылығын растайтын медициналық тексеруден өтеді.

Алғашқы әскери есепке қою қаңтар-наурыз айлары аралығында өтеді.

Балалары есепке тұру үшін медициналық тексеруден өтпеген ата-аналар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері басқармасына немесе бөлімге жүгінуі керек.









Басты сөздер: Әскер, Түркістан облысы, Аймақ,
Жоғары қарай