Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында 120 мыңнан астам адамға АӘК автоматты түрде тағайындалды

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 11:30

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 22 мың отбасындағы 120 мыңнан астам тұрғынға IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) тағайындау, автоматты түрде ұзартылады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі тартатқан мәліметтерге қарағанда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығы ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде қабылданды және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұл шара ауылдық әкімдіктерде және жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың жаппай жиналуының алдын алады, осылайша азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.

«АӘК алу үшін алғаш рет жүгінген кезде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында қажетті деректерді тексереді. Сонымен бірге учаскелік комиссиялар АӘК тағайындауға өтініш берушілерге мессенджерлер арқылы сауалнама жүргізеді, барып тексеріс өткізбейді. АӘК өтінімдерін жаңарту кезінде кірістердің белгілі бір түрлері ескерілмейді.
Бұған дейін АӘК алушыларына төтенше жағдай мен шектеу шараларының себебінен II және III тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылған болатын. АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының әрбір мүшесі үшін аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалатынын еске саламыз.
Түркістан облысында аз қамтылған азаматтар қатарынан барлығы 176,8 мыңнан астам АӘК алушы бар.


Жоғары қарай