Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыннан 13,5 кг-нан астам есірткі тәркіленді

2020 жылдың 4 тамыз 2020 12:48

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сақтаған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде ауладан өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен пакеттерін тапты. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, айғақты зат ретінде алынған есірткі заты жалпы салмағы 13,5 кг-нан асатын «кептірілген көкнәр» болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз қолдану» бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеуінің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ер адамның аса ірі мөлшерде есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай