Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысы мешіттерінде жұма намазы оқылатын болды

2021 жылдың 27 ақпан 2021 02:03

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Наурыз айынан бастап республикадағы жасыл аймақта тұрған барлық өңірлерде жұма намазына оқуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондықтан, Түркістан облысының аумағындағы мешіттерде 5-наурыздан бастап жамағатпен жұма намазы оқыла бастайды.

Облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың айтуынша, жамағатпен құлшылық рәсімін жасау үшін мешіттер 30 пайыз ғана толтырылады.

«Медициналық маска тағу, діни жоралғы кезінде сапқа тұрғанда арақашықтықты сақтау талап етіледі. Жалпы, өңірдегі барлық 750 мешітте залалсыздандыру жұмысының жүргізілуі қадағаланады. Уағыз оқылмай, тек парыз намазы ғана орындалады. Дәретханалар карантин талаптарып сақтай отырып ашылады. Жұртшылықты карантин шегінен шықпай, талапты орындауға шақырамыз», - деді Еркебұлан Ыбрайымұлы.

Сондай-ақ, дін өкілдері жаназа және жерлеу рәсіміне қатысушылар санын 50 адамнан асырмау қажеттігін жеткізді.

Ал, індет өршіген жағдайда жұма намазын оқу тоқтатылады.


Жоғары қарай