Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Түркістан облысы кеден бекеттерінде коронавирусты анықтайтын тепловизорлар жұмыс істеп тұр

2020 жылдың 10 наурыз 2020 18:08

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеттерінде коронавирусқа байланысты жоғары деңгейдегі сақтық шаралары қабылданды. Барлық өткізу пунктілерінде санитариялық бақылауды күшейту мақсатында бекеттерге жергілікті аудандық санитариялық бақылау мамандары жұмылдырылып, олар тәулік бойы қызмет атқаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, барлық қызметкерлер бір реттік медициналық маскалармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, әр өткізу пункттерде адамдардың дене қызуын қашықтықтан өлшейтін 3 дана тепловизор жұмыс істеуде.














Жалпы облыстағы барлық өткізу бекеттерінде 15 дана тепловизорлық бейнекамералар мен қосымша 3 дана қолмен өлшеу құрылғысы бар. Бұл «KKarina.R.KZ» деп аталатын жүйе толығымен автоматтандырылған. Дене қызуы көтерілген азаматтарды 15 метр қашықтықтан бірден анықтайды. Оны маман арнайы экраннан толық қадағалап отырады.

Бекеттен өтіп жатқан жеке тұлғадан дене қызуы анықталса, тепловизорлық камерелар дабыл қағады. Тез арада шара қабылдау үшін медицина қызметкерлеріне хабарланады.

Айта кетейік, 31 қаңтар мен 6 наурыз аралығында Түркістан облысы бойынша МКД өткізу бекеттерінен Қазақстан Республикасына 619 320 адам кірген. Олардың арасында дене қызуы көтерілген жолаушы болған жоқ.











Жоғары қарай