Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Түркістан облысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді

2020 жылдың 4 сәуір 2020 10:14

ТҮРКІСТАН. ҚаАқпарат - Түркістан облысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қңір тұрғындары үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек. Бұл – Түркістан облысы әкімініңң Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия отырысында берген тапсырмасы.

Өмірзақ Шөкеев облыс көлемінде шектеу шараларын күшейту бойынша бірқатар жұмыстарды қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облысында коронавирус індетіненбір адам қайтыс болды.

Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметтері бойынша, осы уақытта Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 23 адамды құрап отыр. Ал еліміз бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 500-ге жетті.


Жоғары қарай