Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Түркістан облысы әкімдігінің жанынан саll-орталық тәулік бойы жұмыс істейді

2020 жылдың 22 наурыз 2020 15:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында тұрғындардың сауалына шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық ашылуда, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Пандемияға байланысты мемлекет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай енгізіп, барлық сақтық шараларын ұйымдастыру жұмыстары мемлекет тарапынан жүргізілуде.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі коронавирус инфекциясының біздің елде белең алуына жол бермей, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр.

Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастырумен тұрғындардың сауалына шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық ашылуда.

Орталық төтенше жағдайда туындаған сауалдарға жауап беретін болады.

Арнайы іске қосылған Call–орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта қоңыраулар қабылдайтын болады.





Жоғары қарай