Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан қаласының жаңа әуежайынан қандай рейстер орындалады

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 23:29

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Түркістан қаласының «Hazret Sultan» жаңа әуежайынан ұшыру жоспарланған рейстер туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес, қазіргі уақытта Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайының құрылысы жүргізілуде.

Құрылысты аяқтау 2020 жылдың қыркүйек айының соңында жоспарланып отыр.

Бүгінде Түркістаннан Нұр-Сұлтан мен Алматыға «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «SCAT» авиакомпаниялары рейстерді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласын Қазақстанның басқа облыс орталықтарымен байланыстыру көзделген.

Бұдан басқа, «Turkish Airlines» авиакомпаниясымен бастапқы кезеңде аптасына 3-4 рейс жиілігімен Түркиядан Түркістанға рейстер орындау қарастырылуда. Рейстер саны ұлғайтылуы ықтимал.

Сонымен қатар, басқа шетелдік авиакомпаниялар Әзербайжаннан, Ресейден және Біріккен Араб Әмірліктерінен Түркістанға халықаралық рейстер ашу мәселесін қарастыруда.

«Hazret Sultan» аталатын Түркістан қаласы әуежайының негізгі параметрлері: жалпы ауданы – 905,3 га, жасанды ұшып-қону жолағы: 3 300 х 45 м, жолаушылар терминалының ауданы – 1,5 мың м2, өткізу қабілеті – сағатына 450 жолаушы.

Еске салайық, аталмыш әуежайды дүниежүзінде жылдам салынған нысан ретінде Гиннес рекордтар кітабына енгізу туралы өтініш түсірілмек.




Жоғары қарай